» » Медициналық маска тапшылығын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан шаралар

Медициналық маска тапшылығын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан шаралар

   Көршілес Қытайдағы коронавирус бойынша қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық ахуал қызылордалықтарды да алаңдатып қойды. Өңірімізде коронавирустың бірде-бір жағдайы нақтыланған жоқ. Дегенмен де сақтық керек.
Жерлестеріміз жұқпалы аурудан сақтанудың жолы ретінде жаппай медициналық маска сатып алуға көшкен. Бетперде саудасының жүріп тұрғаны соншалық, соңғы күндері әлеуметтік желілерде «медициналық бетперделердің қоры таусылды», «бағасы шарықтады» деген ақпарат  көптеп тарай бастады.
Бұл бағытта Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен медициналық маскалардың облыс дәріханаларында күнделікті сатылымда болуына мониторинг жүргізілуде.
Бұдан бөлек, өңірдегі дәріхана өкілдерімен кездесіп, халықтың медициналық маскаға деген сұранысын толығымен қамтамасыз ету бойынша, олардың бағасын жасанды көтермеу мақсатында ұсыныстар айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында дәріхана өкілдері де өз тарапынан тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін медициналық маска қорын уақытылы толықтырып отырғандығын, қазіргі таңда жеткілікті резерв бар екенін жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде фармацевтикалық және медициналық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мақсатында құрылған «СК-Фармация - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және "нөлдік" төзімділікті күшейту қажеттілігі айтылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу, рецепт бойынша міндетті түрде сатуға жататын препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды рецептсіз босату фактілерін анықтау бойынша                           жоспарланған іс-шаралар барысы баяндалды.
 Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл Г. Азирова сөз алды.
          Ол Әдеп жөніндегі уәкілдің 2019 жылы атқарылған жұмыстарын баяндап, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары талаптарын сақтау қажеттілігін жеткізді. Сонымен қатар туындаған сұрақтар және Департамент қызметкерлеріне қатысты арыз-шағымдар болған жағдайда Әдеп жөніндегі уәкілге тікелей хабарласуға болатындығын мәлімдеді.
          Қызметтегі жариялылық пен ақпарат қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен Facebook әлеуметтік желісінде кері байланыс ұйымдастырылған. Департаменттің, сондай-ақ басшылықтың әлеуметтік желідегі парақшалары күн сайын жаңартылып, ақпараттармен толықтырылып отырады.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
04 ақпан 2020 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031