» » Вице-министр 42 500 теңгеге қатысты тың ақпаратты бөлісті

Вице-министр 42 500 теңгеге қатысты тың ақпаратты бөлісті

  Есепшот нөмірін көрсету үшін әлеуметтік төлем алмаған азаматтарға тағы да sms-хабарлама жіберілетін болады.
Банктер жұмысының тиісті деңгейде атқарылмағаны үшін қазақстандықтарға әлеуметтік төлемді ұзақ күтуге тура келді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты.
"Телеграм каналда ақшаны ұзақ күтуге байланысты сауалнама жүргіздім. Оның қорытындысы бойынша банктермен бұл мәселелені пысықтадық. Мәселен, кейбір банктерде, расымен де ақшаны есепшотқа түсіруді кешіктіру болған", - деді вице-министр.
Сондай-ақ, Мұқышев 930 мың адам IBAN нөмірін (есепшот нөмірі) көрсетпегенін немесе қате жазғанын айтты.
"800 мың өтініш бойынша банктермен талдау жүргіздік, ақшаны есепшотқа түсіру механизмін пысықтадық. 130 мың адамның IBAN-ы анықталмады. Азаматтарға есепшот нөмірін қайта жіберу керектігі туралы тағы да смс жіберіледі. Бұл жолы есепшот нөмірін дұрыс көрсету керек", - деді вице-министр.
Ол есепшот нөмірін жіберген кезде барынша мұқият болу керек екенін атап өтті.






21 сәуір 2020 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031