ҚАУІПТІ ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ БІРЛІК КЕРЕК
«Карантиндік шараларды күшейту туралы» 18.04.2020 жылғы №10 қаулыға қатысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаевтың пікірі
Қазір әлем алаңдатқан індеттің кесірінен еліміз күрделі ахуалды бастан өткеруде. Бұл пандемия күннен-күнге ушығып, ауқымды қауіпке ие болып отыр. Дерт біздің аймақта да көптеп тіркелуде. Облысымызда төтенше жағдай кезеңіндегі талаптар күшейтілген болатын. Бұған қарамастан тұрғындардың ретсіз жүруі тыйылмай тұр. Қазіргі таңда аймағымызда тәж вирусын жұқтырғандардың саны 143-ке жетті. Осы себептен облысымыздың бас санитарлық дәрігері «Карантиндік шараларды күшейту туралы» 18.04.2020 жылғы №10 қаулысы жарияланды.
Енгізілген жаңа қаулыға сәйкес барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынып, көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Сондай-ақ, азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн деп санаймын. Бұл біріншіден бүкіл халықтың денсаулығы үшін жасалынып жатқан сақтық шаралары. Қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері біздің өмірімізді жеңілдетеді. Ал, вирустардың таралу қаупі жағдайында цифрландыру ауруды жұқтырудың алдын алу мен қорғаудың тиімді шараларының бірі болып отыр. Себебі, біз үйде отырып онлайн түрде тауарларға тапсырыс беріп, коммуналдық төлемдерді, салықтарды және көптеген төлемдерді жасай аламыз. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді де үйде отырып электронды форматта egov.kz порталы мен мобильді қосымшалардың көмегімен смартфон арқылы алуға мүмкіндік бар. Төтенше жағдайға байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Бірақ, соған қарамастан ХҚКО мамандары Сіздер үшін 1414 байланыс орталығы арқылы қызмет көрсетуде.
Осы сақтану шараларының барлығы – халықтың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. «Сақтансаң, сақтаймын» дегендей, әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығатынымыз. Аймағымызда енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Осыған қаламыздың барлық азаматтары қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет!