ЖАҢА БАСШЫ

 Қардашов Әлішер Серікұлы  «Jas Otan» ЖҚ  Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып онлайн режимде сайланды.
«Nur Otan» партиясы жаныдағы «Jas Otan» ЖҚ  Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясы коронавирус пандемиясына байланысты онлайн режимде өткізілді.
Бейнеконференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Е.Бейсенбаев, Қызылорда облысы әкімінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі  Мағжан Абзалұлы Ералиев, облыстық кеңес мүшелері, жергілікті жастар саясаты мәселелері бойынша жауапты мемлекет орган өкілдері және аумақтық  бөлімше басшылары  қатысты.
Конференцияның қарауына ұсынылған бірінші мәселе бойынша «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ төрағасы Т.Тілес жыл бойына атқарылған жұмыстарына баяндама жасады.
  «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова Сыр жастарының көсбасшысы бола білген Т.Тілестің жұмысына оң бағасын берін, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
«Соңғы екі жылда облыстық филиал бастамасымен бір қатар жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылып оң нәтижеге қол жеткізді. Аймақ жастарын біріктіру, түйткілді мәселелерді шешу  барысында қызмет атқарған Тілес Талғат Оспанұлына алғыс білдіреміз!» - деді.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша конференцияға қатысушылар «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ төрағасы лауазымына ұсынылған Кардашев Әлішер Серікұлының  кандидатурасы бірауыздан мақұлдады.
Сонымен қатар,  «Jas Otan» Жастар қанаты Жарғысына сәйкес Қызылорда облыстық филиалы кеңес мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіліп, алдағы жұмыс барысы талқыланды.
30 сәуір 2020 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930