Jalyndy jastar

"Jalyndy jastar" бастауыш партия ұйымының төрайымы қабылданды. "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б..М.Балқожаев "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" студенттеріне жаңадан қабылданған төрайымды таныстырды. .
 "Nur Otan" партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарованың тікелей ұсынысымен ашылған "Жастар" бастауыш партиясына "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" оқытушысы, білім ордасындағы Жастар инспекторы Ханзада Дошан лайықты деп танылды. Ханзада Төреханқызы облыстың белсенді жастардың бірі, ол жастармен ерікті түрде жұмыс істейді. "Jas Otan" ЖҚ ІІ сьез делегаты, "Жастар – Отанға" саяси лагерінің қатысушысы. Сондай-ақ 2016 жылдан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін "Жаңақорған тынысы" аудандық газетінде тілшілік қызмет атқарды. Ауданның саяси ахуалын ақпараттандырып, түрлі қоғамдық жұмыстарда өз белсенділігін танытып келеді.
Жастар жетекшісінің жаңа жұмысына Мәжит Байқожаұлы мен колледж директоры Жомарт Әбибуллаұлы табыс тілеп, бас партияның жұмысын жандандыруға сенім білдірді.
18 қыркүйек 2019 ж. 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930