» » "Тарихта болмаған": министрлік әскери қызметке шақыру тәртібін түсіндірді

"Тарихта болмаған": министрлік әскери қызметке шақыру тәртібін түсіндірді

  Әскери мерзімі ұзартылғандарды киім-кешекпен, тамақпен және қаржымен қамтамасыз ету шаралары жалғасады
Қорғаныс министрілігі әскери қызметке шақыру мерзімін ұзарту тәртібін түсіндірді.
Қарулы күштердің бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы, полковник Сәкен Жүсіповтың айтуынша, төтенше жағдайға байланысты өткен жылы әскерге шақырылғандарды запасқа шығару уақытша тоқтатылды. Олар әскери борышын атқаруды жалғастыра береді. Ал әскерге шақырудың биылғы мерзімі маусымнан тамызға ауыстырылып отыр.    
"Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін азаматтарды әскери шақыру қайта жүргізіледі және 30 тамызға дейін ұзартылады. Ал 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілерді запасқа шығару төтенше жағдай режимі алынған жағдайда 30 маусымға дейін жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда 9 500 әскери қызметші патрульдеуді, дезинфекциялауды және басқа да міндеттерді іске асыруда", - деді Жүсіпов бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, әскери мерзімі ұзартылғандарды киім-кешекпен, тамақпен және қаржымен қамтамасыз ету шаралары жалғасады. Ал тамыздың аяғына дейін әскерге шақырылатын жастардың әскери борышын өтеу мерзімі өзгермейді. Заң бойынша 12 ай болып қала береді. 
"Әскери қызметшілерді запасқа тоқтата тұру және азаматтарды әскерге шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып отыр және ол біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп атап көрсетті Жүсіпов.
Айта кетейік, 2020 жылдың ақпанында мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру мерзімі наурыз-маусым айлары аралығында болатыны туралы жарлыққа қол қойды. Күзде әскери қызметке шақыру мерзімі өзгеріссіз қалды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді.
00






04 мамыр 2020 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031