СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК!

15 тонналық азық-түлік және қажетті құрал-жабдықтар тиелген жүк көлігін «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ жетекшісі А.Қардашов және еріктілер бастап барады.
9 автокөліктен құрылған волонтер топтың құрамында айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, жас кәсіпкерлерМағжан Ералиев, сондай-ақ облыстағы жас шығармашылық қоғам өкілдері бар.
Гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Көмек көрсетемін деушілер болса, азық-түлік, киім-кешек пен медициналық заттарды және жеке бас гигиенасына қажет құралдарды Қызылорда қаласы, сол жағалауда орналасқан "Жастар ресурстық орталғына" апарып берулеріне болады. Тел: 8 775 370 00 34, 8 702 556 51 58.