
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 232-ні құрап отыр. Бүгінгі күнге дейін сауығып шыққандар саны -181. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.«Жаңадан анықталған 1 жағдай, Жаңақорған ауданында күмәнді болып, провизорлық карантинде болған азамат. Негізгі жұмыс орыны «Батыс Қытай-Батыс Европа» халықаралық дәлізі бойына орналасқан көпшілік асханасында жұмыс жасайды. Соңғы тәулікте барлығы 583 зертханалық сынама алынса, оның 582 сынамасы теріс мәнді болды. 1 сынама оң мәнді. Қалдық тест – 3936», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3270 азамат анықталды. Оның ішінде, 1798-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.Құрметті облыс тұрғындары, соңғы 19 күннің статистикасына қарағанда, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады.