ОСКАР: ОЗҒАНЫ ҚАЙСЫ, ОСАЛЫ КІМ?
Киноның жақсысын таңдап, идеологиясын түсіне білудің өзі ‒ өнер. Өйткені режиссерлер мен актерлер талай жыл тер төгетін туынды тектен-текке түсірілмейтіні белгілі. Кино десе көз алдымызға Оскарда жүлде алған фильмдердің қаз-қатар көрініс беруі де қалыпты жағдай. Осы орайда биылғы Оскар үздіктерінің сыртқы картинасын суреттей отырып, ішкі ойын бірге саралауды жөн көрдік.
«Паразиттер» ашқан жаңалық
Алдымен айтулы жаңалыққа тоқталайық. Биыл Оскардың басты жүлдесі саналатын «Үздік фильм» номинациясы алғаш рет ағылшын тілді туындыға берілмеді. 1929 жылдан бергі тоқсан жыл ішінде Оскардың бұл номинациясы тек ағылшын тілінде түсірілген фильмдерге ұсынылып келген еді, алайда биыл бұл қағиданы «Паразиттер» фильмі жоққа шығарды. Оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хоның еңбегі тек «Үздік фильм» атанып қоймай, «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік дара сценарий», «Үздік шетелдік фильм» номинацияларын қанжығасына байлады, осылайша төрт бірдей Оскардың жеңімпазы болып шыға келді. Оскар дүбіріне дейін Канн фестивалінде «Алтын пальма бұтағы» бас жүлдесін иеленген фильмге көрермендер 15 минут бойы қол соққан. Себебі...
Фильм жертөлені баспана етіп, аядай жерде өмір сүріп жатқан Ким Китхэк, Чхунсук есімді ерлі-зайыпты және олардың ұл-қызының жұтаң тіршілігінен басталады. Отбасы мүшелерінің бірігіп пицца қорабын дайындауы, қаржы үнемдеу үшін бірінші қабаттағы көршілердің уай-файына ұмтылғаны, жертөледе өріп жүретін тарақандарды тегін өлтіру алып үшін көшені дезинфекциялау жұмысы кезінде терезені ашық қалдырған сәттің бәрі олардың кедейлік қамытынан қашып шыға алмайтын аянышты халін суреттейді. Бір күні Китхэктің ұлы Киуге досы Мин келіп, өзінің шетелге кететінін және өзінің орнына ауқатты Пак әулетінің қызына ағылшын тілінен сабақ беруге ұсынысын айтып, үлкен тасты сыйға таратады. Осы жерде кедейлік өмірге өзгеріс енеді, алдын ала ойластырылған қулықтың арқасында Китэхтің қызы бай отбасының бала тәрбиешісі, өзі көлік жүргізушісі, ал әйелі үй қызметшісі болып қызметке орналасады. Қызығы, бай әулеттің мүшелері олардың бұл әрекетінен еш күдіктенбейді, тек отбасындағы кішкентай ұлы ғана жаңа қызметкерлерден бірдей иіс шығатынын байқайды. Айта кетейік, бұл жай иіс емес. Бірде Пак әулеті демалысқа кетіп, бай үйінде тек өздері қалған Ким отбасы алаңсыз сайрандайды, бірақ сол қызықты отырыста бұрынғы үй қызметшісі Мунгван ханым келіп, бәрінің шырқын бұзады. Мунгван ханым да Ким әулеті ұйымдастырған қулықтың құрбаны, алайда өзі де өтіріктен алыс емес. Өйткені ол талай жыл бойы осы зәулім үйдің жертөлесінде күйеуін жасырып келген. Басы драмамен басталып, ортасы комедияға жалғасқан фильмнің соңы трагедияға ұласады. Ким Китхэктің қызын Мунгван ханымның жертөледегі күйеуі өлтіреді, ал ол болса бай отағасының жанын алады.
Фильмнің әр деталында кедей отбасының бай үйіндегі «паразиттік» өмірі анық көрсетілген. Режиссер Понг Чун Хо кедей отбасына сыйланған тасты байлық белгісі ретінде, ал жағымсыз иісті жоқшылықтың нышаны етіп көрсеткен. Бұл жайлы ол «Огонекке» берген сұхбатында былай жазыпты: «Көптеген Азия елдері секілді Кореяда да ежелден тас жинау дәстүрі бар. Хобби десек те болады. Мұндай тастардың кейбірі мың және мыңдаған доллар тұруы мүмкін. Әрине мұндай хобби кедейлерге қолжетімді болмайды. Ал бұл тас кедейдің бай отбасымен танысуына мүмкіндік жасайды. Яғни делдал немесе гидтің бір түрі. Керісінше иіс ‒ бұл жеке яғни индивидуал нәрсе. Бай күйеуі әйеліне көлік жүргізушісінің иісі туралы айтқанда, ол бүкіл «таптың» иісі туралы айтып отыр. Мысалы, әңгіме метрода жүретін не болмаса сол иіспен қаныққандар туралы. Оның бұл пікірі қоғамның екінші бөлігі үшін дөрекі көрінуі немесе реніш тудыруы мүмкін. Бұл сөздер адамдар арасындағы бөліністің қаншалықты күшті екенін иіс арқылы растап отыр. Қызметші бола отырып, иіс арқылы бір топтан екінші топқа жақындауын көрсете алады. Бұл «жазықсыз» символда бүкіл қасіретіміз көрінеді. Киноның сиқыры да осы» дейді режиссер. Айта кетейік, фильм сценарийін жазу барысында Пон Чжун Хо репетиторлық қызметтің бай мен кедейді байланыстыратын жалғыз кәсіп екенін негізге алған. Байқасаңыздар, кедей отбасының баласы бай үйіне ең алғаш оқытушы ретінде барған болатын. Екі таптың әлеуметтік теңсіздігін бейнелеген фильм Сеулде түсірілгенімен, оқиға барысында қала ерекшеліктеріне аса көп назар аударылмауы бай мен кедей арасындағы алшақтықтың адамзатқа ортақ мәселе екенін, фильмнің шарықтау шегіндегі қанды оқиға олардың бір ымырада өмір сүре алмайтынын айқын аңғартады. Кино тарихында Делберт Манның «Мартиінен» кейін екінші рет Канн мен Оскарды қатар алған фильмнің әлем ықыласына бөленуінің сыры осында.
Қоғамға қарсы «Джокер»
Жалпы биылғы «Оскар» сыйлығының «Жылдың үздік фильмі» номинациясына «Паразиттерден» бөлек «Ирландтық», «Бірде...Голливудта», «1917», «Неке хикаясы», «Кішкентай әйелдер», «Джокер», «Ford Ferrari-ге қарсы», «Джоджо атты қоян» картиналары ұсынылған. Соның ішінде «Джокер» фильмінде басты рөлді сомдаған Хоакин Феникс «Үздік әртіс» номинациясын иеленді. Психологиялық ауыр рөлді сомдап шыққан актердің еңбегі жеңісіне тұрарлықтай. Жалпы фильм қоғамдағы адамдардың күйзелісін, өзіне назар аудартуға ұмтылған «біртүрлі» әрекеттерін ашық суреттейді. Фильмнің саяси астары жайлы «Журналисттік зерттеу» бағдарламасында кинорежиссер Жандос Құсайн «Бұл Үкіметтің саясатына қарсылық. Осы тұрғыда қазір осындай фильмдердің дәурені жүріп тұр» деп пікір айтыпты. Расында «билікке наразысың ба, адамға өкпелісің бе ештеңеге қарамастан жолыңдағыны жайпап сал» дейді фильм сюжеті.
Альфия Доллар, фильм көрермені:
− Фильм заманауи бағытта түсірілген, себебі осындай жағдайды қазіргі қоғамнан жиі кезіктіруге болады. Сондай-ақ бұл фильмді ақыл-есі толысқан ересек адамдар көргені дұрыс, өйткені картина адам психологиясына шынымен ауыр әсер етеді. Басты кейіпкер Джокер науқас анасына қарайды, өзі әрдайым халық алдында әзіл айтатын өнерпаз болғысы келсе де, сәттілікке қолы жетпей-ақ қояды. Сайқымазақ болып жұмыс жасап жүргенінде оны біреулер мазаққа айналдырып, соққыға жығып кетеді. Оның ойынша, бүкіл әлем оған қарсы, оны ешкім түсінбейді. Өкініштісі, ол тұрып жатқан қалада қылмыскер саны да көп. Джокер уайымдағанда, әлденеге алаңдағанда өзін-өзі ұстай алмай еріксіз күледі, ал ол әдеті айналадағы адамдарға ерсі көрінеді. Анығында оған қоғамның көңіл бөлгені ғана керек. Фильм көрген адамды еріксіз ойландырады, себебі бұл адамның психологиясы мен өміріне тікелей қатысты дүние. Актер ретінде Джокердің персонажын алып шығу оңай емес, сондықтан бұл фильм жақсы түсірілген туынды деп айта аламын.
Ең үздік фильм ‒ «Кішкентай әйелдер»
«Кішкентай әйелдер» ‒ американдық жазушы Луиза Мэй Олкоттың романы бойынша түсірілген драмалық көркем фильм. Туынды бір-біріне ұқсамайтын төрт апалы-сіңілінің өмірін баяндайды. Бұл фильм Оскардың «Үздік костюм дизайны» номинациясын иеленумен қатар, «Ең үздік фильм ‒ 2020» (Эми Паскаль), «Ең үздік актриса ‒ 2020» (Сирша Ронан), «Екінші пландағы актриса ‒ 2020» (Флоренс Пью), «Үздік кино музыкасы ‒ 2020» (Александр Деспла), «Үздік бейімделген сценарий ‒ 2020» (Грета Гервиг) аталымдары бойынша да біршама жетістікке қол жеткізді.
Режиссер Грета Гервигтің бұл картинасында АҚШ-тағы Азамат соғысынан кейінгі оқиғалар, Англияда тұратын төрт апалы-сіңілі әйелдің өмірі суреттелген. Фильм көрерменге жылы және жағымды энергия сыйлай алуымен ерекше. 1868 жылы жазылған роман желісімен түсірілген фильмнен қазіргі қоғамда да қайталанатын сюжеттерді көруге болады: өмірдегі түрлі қиындықтар, беймәлім тәжірибелер, адамның өмірдегі орнын іздеудегі талпынысы «кішкентай әйелдердің» сенімді әрі шынайы қарым-қатынасында шебер суреттелген. Фильм эстетикалық жағынан керемет үйлесім тапқан: әйелдердің талғамы, зәулім үйлер, әсем табиғат, таңғажайып музыка көрерменді сүйсінтпей қоймайды.
Басты рөлдерді Сирша Ронан, Эмма Уотсан, Флоренция Пью, Элиза Скэнлен, Тимоти Чаламет, Лаура Дерн және Мэрил Стрип сомдаған «Кішкентай әйелдер» фильмі киносыншылар тарапынан жоғары бағаланып, әлемдік прокатта 205 миллион АҚШ долларын жинаған. Айта кетейік, Американдық өнер институты және Time журналы бұл фильмді 2019 жылғы «Ең үздік фильм» қатарына енгізген.
Бәрі бірдей үздік емес...
Бұдан бөлек 92-ші рет өткізілген «Оскар ‒ 2020» сыйлығында режиссер Квентин Тарантиноның «Бір күні... Голливудта» драмасы да бірнеше номинация иелену мүмкіндігіне ие еді, алайда фильм «Үздік суретші жұмысы» аталымын қанағат етті және картинада каскадер рөлін сомдаған Бред Питт «Екінші пландағы үздік актер» атанды. Көлік шығаратын компаниялардың бәсекесін көрсеткен «Ford Ferrari-ге қарсы» биографиялық драмасы «Үздік монтаж», «Үздік дыбыс монтажы» жүлдесіне қол жеткізсе, «Үздік анимациялық фильм» аталымына «Ойыншықтар тарихы – 4» мультфильмі ұсынылды. Ал «Фильмге жазылған үздік ән» номинациясында «Рокетмен» фильміндегі «Love Me Again» әні ерекше бағаланды. Одан бөлек, 10 номинацияға ілінген «Ирландец», 3 номинациядағы «Қос әкей», «Жұлдызды соғыс», «Гарриет», «Атақ пен ауру», «Бал елі» фильмдері бәсі биік бәсекеден құр қол қайтты.
Тақырыптың түйіні: Кинотанушылар соңғы жылдары Азия фильмдерінің әлемдік киноөндірісте алдыңғы қатарға шыққанын айтады. Оған Пон Чжун Хоның төрт бірдей Оскарды алған «Паразиттері» дәлел. Сондай-ақ қазір адамзат баласы үшін әлеуметтік мәселелер тақырыбы өзекті, сол үшін бұл тақырып жиі қозғалуда. Адам психологиясы, отбасындағы түсіністік, қоғамдағы жайлылық та көрермен күткен «керемет» тақырыптың бірі. Алайда киносыншылар бірсарынды фильмдердің жиілегенін жоққа шығармайды, сюжеттердің қайталануы, жанр жетіспеушілігі соған дәлел.

Гүлдана ЖҰМАДИН, Шараффадин ЕДІЛ