» » ҮЗДІК ТАУАРӨНДІРУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ТАУАРӨНДІРУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

  Облыс әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары – 2019» өңірлік көрме-байқауы өтті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов, Кәсіпкерлер палатасының ұжымы мен кәсіпкерлер қатысты.
Биыл көрмеге аймақ кәсіпкерлігінің түрлі саласынан 50 тауар өндіруші қатысты. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау комиссиясының құрамында бизнес, мемлекеттік орган өкілдері болды. Нәтижесімен 3 номинация бойынша 9 жеңімпаз анықталды. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Мәди Қажы» ЖШС, «Қазақстандық Мұнай-Химиялық Кемикал Компаниясы» серіктестігі және  «Шиелі Тас» ЖШС. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Шак-Ди» жеке кәсіпкерлігі, «Ас-Ка» серіктестігі мен жеке кәсіпкер Гүлзат Билсариеваның еңбегі жоғары бағаланды. Ал «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Браунис-Қазақстан», «Абай-Дәулет» серіктестігі мен «Әбділла» жеке кәсіпкерлігі марапатталды.  
Шара соңында, «Қазақстанның үздік тауары – 2019» облыстық көрме-байқауына белсенді қатысқан кәсіпкерлер марапатталды.
Гүлбану ҮСЕНҚЫЗЫ
18 шілде 2019 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031