Сақтық қажеттігі ескертілді
Облыстық ішкі саясат басқармасы «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылуда дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 19-21 мамыр аралығында төтенше жағдайлар кезіндегі тұрғындардың көп шұғырланатын жерлерде «Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №13 қаулысына» сәйкес әдістемелік құрал таратылып, түсіндірме-қоғамдық бақылау өткізді. Облыс тұрғындарына қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері, көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар және базарлар, азық-түлік тауарларын сататын дүкендер, ломбардтар, қонақ үйлер, қалаішілік такси қызметі, туристік фирмалар мен теміржол кассаларының жұмысы, стандарттау және сертификаттау қызметі, қаржылық қызметтер және сақтандыру саласындағы қосалқы қызметтер, жеке құрлыс жұмыстарын жүргізу және ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып, санитариялық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасауда және уақыт шектеулер қойылғаны жөнінде түсіндірілді. Барынша үйде болуларын және
медициналық маскалар, қолғаптар кейіп сақтанып жүрулері туралы айтылды.