» » Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

Қазақстанда оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

 Білім министрі жазғы мектепке қатысып-қатыспауды әр бала өзі шешетінін, оқушыларды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті. Қазақстандық оқушылар 17 тамыздан бастап екі апталық дайындық курсынан өте алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр жазғы мектепке қатысып-қатыспауды әр бала өзі шешетінін, оқушыларды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті.
"17 тамыздан бастап мектептерде жазғы мектеп форматында екі апта дайындық шарасы өткізіледі. Өңірлер бұл жұмысты бастап кетті. Бұл жұмысты ұйымдастырғанда, біз балаларға өз еркімен қатысу мүмкіндігін беруіміз керек. Сондықтан мәжбүрлеп, бәрі жазғы мектепке қатысуы тиіс деген талап қойылмайды. Біз тек мүмкіндік береміз. Осыны еске салғым келеді", - деді Аймағамбетов.
Айтуынша, дайындық негізінен математика, қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі пәндерінен өтеді.
Ол тамыздың ортасында мұғалімдер еңбек демалысынан шығатынын айтты. Сондықтан дайындық курстарын өткізуге ешқандай кедергі болмайды.
Еске сала кетсек, 25 мамырда 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде өтті. Білім министрі балаларға бейнеқұттықтау жолдады.
Биыл коронавирустың таралуына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды толығымен қашықтан оқыды. Жаңа оқу жылында балалардың мектепке барып оқуы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.






26 мамыр 2020 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031