Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүруде
Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесін жөндеу жұмыстары басталды. Ол үшін аудандық бюджеттен 102,2 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазалы Жолшы» ЖШС-ның жұмысшылары кенттегі басты көшенің қатты бұзылған учаскелерінің асфальт қабатын қырып жатыр. Мұнан соң қиыршық тас пен гравилі құм қоспасы араласқан материал төсеп, 2 қабатты асфальт салуды бастайды. Көшелер қиылысына асфальт төсеу, жол жабындары бекіту (обочина), жол белгілерін орнатып, жолақтар сызу жұмыстары жүргізеді.
Бұдан бөлек Р.Бағланова, Ә.Тыныбаев, Желтоқсан, Төле би көшелерінеқайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ал, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында М.Ғабдуллин, Қ.Сәтбаев, Т.Әубәкіров, С.Сейфуллин, Ж.Шерипов, Ж.Ақбаев, Ә.Молдағұлова, Н.Жәлімбетов, Сырым батыр, Біржан сал, Б.Нұрпейісов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.