» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІР КЕЛТІРЕТІН ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ТӘРТІПТІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІР КЕЛТІРЕТІН ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАРЫ ҮШІН ТӘРТІПТІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

 Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім басшысының тәртіптік істері қаралды.
Нақтырақ айтқанда, облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп, облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру барысында бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды. Яғни, облыстық ішкі саясат басқармасының конкурстық комиссиясы мүшелері конкурсқа қатысушы тараптың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі жасаған.
«Анықталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабының 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады», - деді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев.
Тәртіптік істерді қараған Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «мемлекеттік лауазымын төмендетуге», ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылдады.
ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы
02 маусым 2020 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031