Уәкіл

Семинар сабағын ашқан М.Асанова қатысушыларды күн тәртібімен таныстыра келе, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет мүдделерін қорғауға, Қазақстанның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті болдырмауға, қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге, қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде іскерлік киім кию үлгісін сақтауға міндетті екенін атап өтті.
Шара барысында облыс бойынша Соттар әкімшісінің Персоналды басқару бөлімінің бас маманы Оразкүл Қожаева, ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің сот приставы Бақытжан Қошанов баяндама оқыды. Олар өз баяндамаларында мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында да, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауы керектігін айтты.
Семинар сабағында қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде өз ойларын білдіріп, өзара пікір алмасты.
Жиынды қорытындылаған М.Асанова мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғау мәселесі бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын айта келе, ондай жағдайлар орын алмас үшін мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптың қашан да жоғары болатынын жеткізді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі