» » Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

 Қадағалаушы орган заңсыз митингілерге қатысатын азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы бір мәрте ескерт. Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев қазақстандықтарға үндеу жасады.
"Жеке тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылдың 6 маусымында заңсыз бұқаралық митингіге шығуға шақырып жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңа белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін митингіні ұйымдастыру және қатысу заңсыз болып саналады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (15 тәулікке қамауға дейін).
Егер бұл әрекет азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін болса, қылмыстық кодекстің 400-бабы ("Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
"Осыған байланысты, азаматтарды арандатушылыққа ермеуге және заңсыз бұқаралық акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізу кезінде жаңа заң ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз", - деді бас прокурордың орынбасары.






05 маусым 2020 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031