Бала қауіпсіздігін сақтауға байланысты жиын өтті
Kyzylorda-news.kz. Белгіленбеген жерде суға түсу оқиғалары балалар арасында жиілеп барады. Мұның салдары қайғылы оқиғаға алып келуде.
Комиссия отырысында судағы қауіпсіздікті сақтау, тыйым салынған нысандарды оқушыларға жан-жақты ақпараттандыруды күшейту керектігі айтылды.
Облыс әкімнің орынбасары белгіленбеген су айдындарында балаларды шоғырландырмау үшін тиісті деңгейде жұмысты қолға алуды тапсырды.
Комиссия отырысында қаралған тағы бір мәселе – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтарын қорғау. Бұл бағытта да назар қоятын мәселелер аз емес.
Наурызбай Байқадамов сала өкілдеріне тиісті тапсырма беріп, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне үнемі мән беру керектігін еске салды.