» Эпидахуалды тұрақтандыруда екпенің маңызы зор

Эпидахуалды тұрақтандыруда екпенің маңызы зор

   Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасында 20-29 жас (қоса алғанда) аралығындағы адамдарды қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундауды жүргізу туралы» Қаулы талаптарының орындалуы туралы Үйлестіру кеңесінің селекторлық режимдегі отырысы өтті.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздіін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, қаладағы емханалардың, жұқпалы аурулар ауруханасы мен балалар ауруханасының бас дәрігерлері, білім саласының қызметкерлері қатысты.
    Үйлестіру кеңесінің отырысында облыстық тауарлар мен көрсептілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. Ә. Әбдіқайымова баяндама жасап, өңірімізде орын алған эпидахуал, оның ішінде қызылша індетінің аурушаңдық деңгейі, оның алдын алу, күрделенген жағдайды шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, жоспарлармен бөлісті.
Отырыста өзекті мәселелер талқыланды, емдеу мекемелерімен орын алған кемшіліктер айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамов өз сөзінде: "Қызылша індетін тұрақтандыру мақсатында република көлемінде басқа елдер тәрізді қызылша ауруына қарсы қосымша екпелер ұйымдастырып, елде үлкен науқан жүргізілуде. Осы науқанды ұйымдастыру, абыроймен атқару, тиісті контингенттерді толық 95-100 пайызда екпелермен қамту, тек қана денсаулық сақтау саласы мамандарымен бітетін шара емес, бұл бірігіп жұмыла жасайтын үлкен және жауапты жұмыс" - деп атап өтті. Жиын соңында мамандар тарапынан ұсыныстар айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
---
04 қазан 2019 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031