» » Қазақстанда әскерге шақырылған үш жігіттен коронавирус табылды

Қазақстанда әскерге шақырылған үш жігіттен коронавирус табылды

 Жастар әскери борышын өтеу үшін Шығыс Қазақстан облысына келген, сол жерде олардың індетке шалдыққаны анықталды. Коронавирус жұқтырған үш жігіт Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына Шымкенттен келген, деп хабарлайды вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Олардың індетке шалдыққаны тестілеуден кейін анықталды.
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған бес адам тіркелді. Олардың арасында әскерге шақырылғандар бар.
1997, 2000 және 2002 жылғы жігіттер әскери борышын өтеуге Шымкенттен келген.
Айта кетсек, Қазақстанда әскерге шақырылғандар коронавирусқа тест тапсыруға міндетті.
Бұдан бөлек, ПТР тестің қорытындысы бойынша Семейдің екі тұрғыны (1960 жылғы әйел және 1948 жылғы ер адам) індетке шалдыққаны анықталды.

Карантин кезіндегі әскери қызмет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізген болатын.  
Азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімі тамызға дейін ұзартылды. Бұл Қазақстан тарихында алғаш рет болып отыр.
Еске сала кетсек, 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Осыған байланысты әскери қызметке шақыру және 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылған еді. Төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды.






08 маусым 2020 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031