» » Тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді

Тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 11 маусым
16 маусым 2020 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031