» » Ақпанда ауа райы қандай болады?

Ақпанда ауа райы қандай болады?



Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Консультативтік болжамға сәйкес ақпан қарлы, Атлантика аудандары мен Каспийдің оңтүстігінен циклондардың жиі өтуіне байланысты елдің солтүстігінде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, қар жауып, боран соғып, оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп болжанып отыр.
«Ауа температурасы: солтүстік жартысында түнде 25…35 аяз, күндіз 15…25 аяз; оңтүстік жартысында 10…20 аяз, күндіз 5…10 аязға дейін төмендейді. Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында нормадан 1 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормаға жуық болады деп болжанады», — деп хабарлады «Қазгидромет» өкілдері.
Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашынның айлық мөлшері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық және одан көп, ал қалған аумақта нормадан аз түседі деп болжанады.
02 ақпан 2018 ж. 1 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031