Бала туғанда және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыларды рәсімдеу

Ең алдымен порталда авторизациядан өтіп, «Отбасы» бөлімінен өзіңізге керекті қызметті табыңыз
«Онлайн сұрау» батырмасын басып, толтырылған өтінімге ЭЦҚ-ңызбен қол қойыңыз
Өтінімде «Қазпошта» немесе «Халық банкі» АҚ-ларынан ашылған жеке шотыңыздың (IBAN) нөмірін көрсету қажет
Ескерту: жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс
Жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама 7 жұмыс күні ішінде жеке кабинетінізге «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне келіп түседі
Қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты
Жаңа туған баланың және балалардың туу туралы куәліктері
Балаға қамқоршылық белгіленген жағдайда – қамқоршылық белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат
Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік
Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады
Онлайн-қызмет тек 2007 жылғы 13 тамыздан бастап баланың туу туралы жазба актісі жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге тұрған азаматтар үшін қолжетімді