Некеге тұрғаныңыз жөніндегі анықтаманы қалай аласыз?

Ең алдымен электронды үкімет порталынан авторланып, «Некеге тұру туралы анықтаманы беру» қызметін таңдаңыз. Төлем шлюзі арқылы қызметтің 0,3 АЕК көлеміндегі ақысын төлеңіз. Дайын анықтаманы бір күн ішінде жеке кабинетіңіздегі «қызметтерді алу тарихы» бөлімінен жүктеп ала аласыз. Дәл осы жолмен ажырасу туралы анықтаманы алуға болатынын ескертеміз. #Oqytoqy #eQyzme