eGov mobile

eGov mobile қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? Мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жаңа қосымшаның бірқатар ерекшелігі бар. Барлығын рет-ретімен түсіндіріп өтейік.
Жаңа атауы: eGov mobile
AppStore не PlayMarket-тен қосымшаны іздеген шақта сізге бұрынғы mGov нұсқасы шығуы мүмкін. Бұл үшін nitec.kz өндірушісін тауып, ұсынылған қосымшалардың ішінен eGov mobile-ды таңдайсыз.
Қосымшаға кіру: Қосымшаны жүктегеннен кейін сіз өз цифрлық қолтаңбаңызды 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (смартфондағы Face ID, Touch ID мүмкіндіктері) тіркеп қоя аласыз. Кейін жүйеге кірген кезде сізден ЭЦҚ не құпиясөз талап етілмейтін болады.
eGov mobile-ды пайдалану: Қосымшаның өзінде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны, авторизациядан өту туралы және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берілген. Осылайша әзірлеушілер – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты.
Ұсынылатын қызметтер: Қазіргі уақытта қосымшада 28 қызмет қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қызметтер тізімі толықтырылатын болады.
Игілігіңізге пайдаланыңыз! #Oqytoqy
24 маусым 2020 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031