» » Қазақстанда «Абай» және «Әл-Фараби» телеарнасы ашылады

Қазақстанда «Абай» және «Әл-Фараби» телеарнасы ашылады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, биыл «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» екі жаңа телеарна ашылады. 

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі, яғни «Абай ТВ», «Әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді министр.
Министрдің айтуынша, «Абай ТВ» телеарнасы 30 маусымнан жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады.
Екінші тележоба – «Әл-Фараби» телеарнасы. Ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады.
29 маусым 2020 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30