» » Тынымсыз еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі

Тынымсыз еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі


Әлемнің алпауыт мемлекет басшылары мойындаған қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жазған «Тарихи тұлға тағылымы» мақаласын оқып отырып тарих беттерін парақтағандай болады екенсің. Өзін ел бірлігі, татулығы мен экономикалық даму жолына арнаған бір туар азаматтың тынымсыз еңбегін айтпасқа келмес.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Уинстон Чер¬чилль¬дің «Қиын уақытта елді мықты басшы басқаруы керек» деген сөзін басшылыққа алады. Қазақстанға қатысты қарасақ, саясат алыбының бұл тұжырымы өте өзекті, өйткені мұндай басшылықсыз ел оң өзгерістер жасай алмас еді. Елбасы өзі атап өткендей, реформалардың нәтижесінде ең басты мақсатқа – адамдардың психологиясын өзгертуге қол жетті. Сондықтан Францияның экс-президенті, көрнекті саясаткер Жак Ширак: «Франция 1991 жылдан бергі өзгерістерді өте маңызды әрі шешуші өзгерістер санайды. Белгісіздік және күрделілік жағдайында Сіздің еліңіз мемлекеттік құрылыстың кері айнал¬майтын жолына түсті, өзінің ұлттық құндылықтары мен ұзақ тарихына адал¬дық танытып, адамзаттың ортақ демо-кратиялық қағидаттары мен құқықтық мемлекетке бейілділігін көрсетті» деп зор бағасын бере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін шақыру, дін мен мәдениеттер арасындағы диалогтарды дамыту іспетті бастамаларын қолдайтынын жеткізді.», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Бүгінгі күні индустрияландыру бағдарламаларының жолға қойылып, жаңа кәсіпорындар ашылып, бизнесте бәсекеге қабілетті ортаның қалыптасып қалғаны қуантады. Жас маман ретінде мені елдің экономикалық жағдайы мен ішкі туризм саласы қашанда қызықтырған.
Жас болса да еңсесін биік көтерген еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ұмытпауымыз керек.
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының
маманы Нұрсұлтан Хабидуллаұлы
02 шілде 2020 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031