» » Вице-министр қанша қазақстандық өте ауыр жағдайда жатқанын айтты

Вице-министр қанша қазақстандық өте ауыр жағдайда жатқанын айтты

 Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14 777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды. Қазақстанда коронавирус жұқтырған 39 пациенттің хәлі мүшкіл, ал 217 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді.
3 маусымдағы жағдай бойынша республикада коронавирус жұқтырған 8 500 пациент емделіп жатыр.
Гинияттың айтуынша, науқастардың 266-сы – балалар. Реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелерінде 256 науқас бар, олардың ішінде 217 пациенттің жағдайы ауыр, ал 39 пациенттің хәлі мүшкіл.
"78 пациент өз бетінше тыныс алуда, өкпенің инвазивті емес желдетуінде 126 науқас, ал жасанды тыныс алдырту аппаратымен 52 пациент жатыр", - деді вице-министр онлайн брифингте.
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14 777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды






03 шілде 2020 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930