» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВАНЫ ҚОЛДАУ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВАНЫ ҚОЛДАУ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қызылорда қаласының «Мұз айдынында» облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен мәнерлеп сырғанаушы, жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваны қысқы Олимпиада қарсаңында қолдау шарасы өтті.
 «2017 жылдың үздік жас спортшысы» атанған Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның ұлттық құрамасында  Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиадасында ел намысын қорғайды. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді.
Аймақ басшысы жас спортшыға Олимпиада ойындарында жеңіске жетуін тілектес екенін жеткізді және Сыр спортшыларының жетістіктерін атап өтті.
«Соңғы кездері Сыр бойының жас спортшылары спорт сүйер қауымды республикалық, халықаралық жарыстардағы жоғары жетістіктерімен жиі қуантып жүргені белгілі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Сыр спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарында 88 медальді иеленді. Жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева 2016 жылы жасөспірімдерге арналған Олимпиада ойындарының, 2017 жылы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Шайбалы хоккейден командамыз Қазақстан Республикасы чемпионатының  қола жүлдесін алды. Қысқы Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапталады. Соның ішінде Қазақстан тоғыз спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр. Ұлттық құраманың қатарында мәнерлеп сырғанаудан жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева еліміздің намысын қорғайды. Байрақты бәсекелерге Сыр өңірінен қатысатын спортшылардан үлкен үміт күтеміз! Қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын Элизабет қызымызға Сыр жұртшылығы атынан  сәттілік тілейміз! Сыр спортшылары, Алға! Тәуелсіз Қазақстанның Туы көкте желбіресін!», - деді облыс әкімі.
Науқан барысында хоккейшілер, шорт-трекшілер және мәнерлеп сырғанаушылар, оның ішінде мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың бірнеше дүркін жеңімпаздары Алина Жанділдаева,  Манас Бекташов, Жансая Есен және Элизабеттің ағасы Тимур Тұрсынбаевөнер көрсетті.  Атап өтетін жәйт, аймақта бұқаралық спортпен шұғылданатын халық санын арттыру мақсатында қазіргі таңдаоблыстық бюджеттен 7 елді мекенде: Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Сыр өңірінде 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.
05 ақпан 2018 ж. 860 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031