» » Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады

Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады

 Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірген адам әкімшілік жауапкершілікке тартыла ма? Бұл сұраққа Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көшеге шығып жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамға дейін жүргендерге ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Тіпті сіз далаға маскасыз шықсаңыз да ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Алайда егер дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол – жабық нысан», – деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Қазақстанда қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылған болатын.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз», – деді Премьер-министр Үкімет отырысында.
16 шілде 2020 ж. 379 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031