Кішкене қыздың ерлігі

Қиналған шақта қол ұшын созып, өз басын қатерге тіге білетін де достарымыз бар ортамызда. Бүгінгі тақырыбымызға облыстық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Еріктілер фронт офисінің» «Сабақтастық» бағыты бойынша еріктісі, белсенді жас Бүркітбай Ақбаян есімді қарындасымызды арқау еткелі отырмыз.
Өткен жексенбі күні ерікті жастарымыз облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша рейдтік түсіндіру шараларын жүргізген болатын. Сол сәтте ХҚКО жанындағы сол жағалаумен байланыстыратын көпірдің арғы бетінде белгісіз азаматшаның өз еркімен суға түсіп, қимылсыз жатқаны анықталған. Қызылорда облыстық ТЖД қызметкері Бексұлтан Бижігіт, қала тұрғыны Қадыров Дастан және рейд бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген еріктіміз Бүркітбай Ақбаян Бахытқызы дереу көмекке жүгірген. Нәтижесінде судағы азаматша құтқарылып, облыстық медицина орталығына тексеруге жіберілді.
Қазағымыздың осындай жомарт жүректі жандары барда еліміздің еңсесі биік, көк туымыз өз биігінде мәңгілік желбіремек.
Аймағымыздың барша жастарын өз замандастарынан үлгі алып, еріктілер қатарында елге қызмет етуге шақырамыз. Өзгені қуанту үшін материалдық жағдай маңызды емес екенін жеткізгіміз келеді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.
Нұрлытаң Саймағанбетов
Облыстық «Еріктілер фронт
офисінің» PR менеджері.
Облыстық «Еріктілер фронт
офисінің» PR менеджері.