Облыстық жас еріктілер фестивалі өтті
Қызылорда қаласында аудан жастарын қамтыған облыстық жас еріктілер фестивалі өтті. Фестивальге барлық аудан мен қаламыздың еріктілер топтары, жалпы100-ге жуық еріктілер қатысты.
Фестиваль Қызылорда облысы жастарсаясаты мәселелерібасқармасының басшысы Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлының алғы сөзімен басталып,жастардың волонтерлікке деген көзқарасы мен ынталарын арттыру мақсатында Ұлттық тренерлер пулының мүшесі Кеңшілік Сабыржанның “Волонтерлік бастамалар” жайлы семинар-тренингімен жалғасты. Фестивальге келген барлық қатысушы жастар ұйымдары өздері айналысып жатқан жобаларын «Тәжірибе алаңында» таныстырып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Ерікті жастардың ұйымшылдығын арттыру мақсатында TeamBuilding сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесінде топқа бөлініп тапсырмалар орындаған жастар ауызбіршіліктерін көрсете отырып кездескен қиындықтарға шыдамдылықтаныта білді. Фестиваль соңында жыл бойына белсенділік танытқан біршама ерікті жастар арнайы дипломдармен марапатталды.