» » Сақтық шараларын ұмытпау керек

Сақтық шараларын ұмытпау керек

«Асыл мұра - Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасының аясында ағымдағы жылдың 21 шілде күні сағат 15.00 де Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағындағы шомылуға тыйым салынған аймақтарда қала тұрғындарына қауіпсіздік туралы, суға түсу ережелері туралы түсіндірме қоғамдық бақылау өтті. 
Қалалық «Невада Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бархан Ахылбаев, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Сейтжағыпар Сағитжан Қадырұлы, Пірімжан Дінмұхамбет Ғалымжанұлы және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова қоғамдық бақылауға қатысты. Жыл басынан бері Қызылорда облысында 11 адам, Қызылорда қаласында 6 адам суға кетті, оның ішінде 5-еуі бала. Бұл былтырғыдан 36%-ке көп. Аталған шара барысында қала аумағында орналасқан ПМК-29 саяжайында суға шомылып жүрген 86 тұрғынға (оның ішінде 52 жасөспірім бала), Сырдария өзенінің қауіпті деп саналатын аймақтары мен басқа да су айдындарында суға шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түсіндірме бақылау жұмыстары өткізілді.
22 шілде 2020 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031