Қанат РАҚМЕТОВ, Қызылорда Автобус Паркі директорының орынбасары: Жолақысы: Электронды картамен - 90, қолма қол - 120 теңге
- Бұл жаңашылдық қоғамдық тасымалдауда ыңғайлы
– ҚР Президентінің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында қалаішілік қоғамдық көліктерге электрондық жүйені орнату жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда «ALEMPAY» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, сараланған тарифті белгілеу туралы қала әкімінің қаулысына сәйкес жол ақысын ұялы байланыс операторының қызметі арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы төлеу кезінде – 90 теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 120 теңге болып белгіленді. Бұл сараланған тариф бойынша электронды билет жүйесі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап автобустарда толық іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ендігі жерде көпшілікті, тұрғындарды ақпараттандыру үшін әлеуметтік желіде, БАҚ өкілдерімен брифингтер өткізу жоспарланған.
Бұл жаңашылдық қоғамдық тасымалдауда ыңғайлы және қаржының ашықтығын қамтамасыз етеді, автопарктің кірісін арттырып, жолаушы тасымалдауда мәдениеттілікті қалыптастырады. Төлемнің 9 түрлі балама әдісін қолдануға болады: жолақы карточкасы, SMS, QR код, ұялы қосымша, көлік және банктік карталарды қолданатын ұялы байланыс операторлары арқылы, т.б.)
-Дезинфекция жұмыстары жүргізіледі
Күнделікті жұмысқа шығар алдында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.Әрбір маршруттың соңында тазалық жұмыстары жасалып, автобустағы жағдай бағаланады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қолдан келген сақтану жұмыстарының барлығын жүргізіп жатырмыз.
Жүргізушілер күнделікті жұмысқа шығар алдында толық тексеруден өткізіледі. Сонымен қатар Nur Otan партиясының облыстық филиалы, қала әкімі жанындағы мониторингтік топ автобус бағыттарында тиісті қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады. Қысқаша айтқанда, автобус бағыттары бойынша жан-жақты бақылау бар. Десек те, тұрғындар тарапынан жауапкершілік аса қатты сезілмей отыр. Автобусқа бетпердесіз міну, ауруды жоқ деп санау, айналасындағы адамдарға жауапкершіліксіз қарау әлі де тыйылмай тұр.
Қоғамдық көлік тасымалына қызығушылық төмен
Қалаішілік бағыттардың жол сызбасы 2013 жылы конкурс жарияланған кезде бекітілген. Ол қазіргі шағын аудандардың ашылуына байланысты, сонымен қатар тұрғындардың өтініш-арыздарына сәйкес біршама өзгерді. Жол арақашықтығы да ұзарды. Айта кететін жайт, 2018 жылмен салыстырғанда 2020 жылы жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тасымалдаушылар саны 240-қа дейін азайды. Мұның түрлі себептері бар. Оған техникалық ақау салдарынан бағытқа ілесе алмайтын т.б. жағдайларды да қосуға болады.
Қазірдің өзінде қаладағы қоғамдық көлік тасымалымен айналысатын мекемелердің қызығушылығы төмен. Өйткені бұл өзін-өзі ақтамайтын сала қатарына кіріп отыр. Сондықтан біз ең алдымен маршруттар сызбасын реттеуді көздеп отырмыз. Жол сызбалары қаралып, халықтың сұранысына сәйкес жолдарды қамту және автобустың жүріп тұруына кедергілер туындамау мақсатында жол сызбаларын зерделеп, қайта сызу үшін мемлекеттік сатып алу заңнамаларына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Алдағы уақытта жол сызбалары жаңаланады.