» » Қызылордада түнде жүрген балаларлың ата-аналарына тәртіптік шара көрілді

Қызылордада түнде жүрген балаларлың ата-аналарына тәртіптік шара көрілді

 Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Жуырда өткен рейд барысында беймезгіл уақытта жүрген 10-ға жуық жасөспірім анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 442-бабына сәйкес түсініктеме алынды.
Дегенмен, кейбір жасөспірімдердің ата-анасы қолхат жазудан, жауапкершілікті өзіне алудан бас тартты. Осыған байланысты оларға заң шеңберінде тәртіптік шара көрілетін болады.
Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу және оны болдырмаудағы бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі мен міндеті орасан зор екенін ұмытпаған жөн.
Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта тұрақты әрі жүйелі жүргізілетін болады.
27 шілде 2020 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031