Мақтанышқа айналған "Мектепке жол акциясы"
![](/uploads/posts/2019-09/medium/1567344491_mektepke-zhol.jpg)
Әрине, "Мектепке жол" акциясы жариялану керек. Дегенмен мұндай бағытта емес. Мектепке дайындықтың қызып жатқанын жақсы білеміз. Көпбалалы отбасылардың да шыр-пыр болып жүргені жасырын емес. Әкімшіліктің есігін қағып, мазасын алғаны да ақиқат. Дегенмен біреуге жақсылық жасап, өз абыройыңызды көтермеңіз. Жасаған жақсылық Аллаға аян, түптің түбінде сауабын аласыз.
Бүгінде тұрмысы төмен отбасылар көп. Оның үстіне жұмыссыз жүрген адамдар да жеткілікті. Көпбалалы отбасында балалардың барлығына жаңа киім алып беруге қалта көтере бермейді. Сондай-ақ бүгінгінің баласы ағасы немесе әпкесі киген киімді қайтара кимейді. Жаңа оқу жылында жаңа киім алғанды қалайды. Бұрын мектепте оқып жүргенде тұрмысы төмен отбасының баласына киім үлестіргенде кей оқушылар алмайтын, намыстанып сыртқа шығып кететін. Ол кезде әлеуметтік желі былай тұрсын, қалта телефон атымен жоқ еді. Шынын айтқанда қазіргі уақытпен жылап көріскендей шақ екен.
Қорыта айтқанда, республикалық "Мектепке жол" акциясы тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталғаны анық, дегенмен әлеуметтік желіге жариялап, мақтанып, өз пайдаңызды арттыруға бағытталмаған. Соны түсінген жөн-ақ...
Мөлдір САБЫРЖАН