» » Атбасар ауданында өрт кезінде үш бала қаза тапты

Атбасар ауданында өрт кезінде үш бала қаза тапты

     
Бүгін Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. Айым ДӘУІТ Үйде көпбалалы отбасы, 7 адам тұрған, олар 1979 және 1981 жылдары туған ата – анасы, 5 баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылы туған қыз бала.  
Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырымды құрайды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шықты. Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады. Сағат 06:40-та өрттің беті қайтып, сағат 08:25-те сөндірілді. Қазіргі таңда үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында үш баланың мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ТЖД-нен 12 қызметкер мен 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен тартылған ұйымдардан 3 адам және 3 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Сонымен қатар Көкшетау қаласынан Өрт сынақ зертханасы жіберілді.


29 шілде 2020 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930