Нұр-Сұлтанда төрт бала газдан уланды (фото)
Нұр-Сұлтанда Құдайбердіұлы даңғылында бес адам газдан уланды. Олардың төртеуі бала болып шықты. Бұл туралы елордалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Өрт туралы сағат таңғы он шамасында белгілі болды. Санаулы минуттарда өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп келген.
Тоғыз қабатты ғимаратта жиһаз, жалпы ауданы сегіз шаршы метрді құрайтын бөлменің үсті мен үй заттары
Өрт сағат 10:10-да сөндірілген.
"Өрт салдарынан бес адам уланып, ауруханаға жеткізілді. Олар 1988 жылғы бойжеткен, 2012 жылы туылған бала және 2014, 2014, 2017 жылғы қыз балалар" , - деді департаментте.
Өрттің орын алу себебі анықталуда.
Өртті сөндіру үшін жеті арнайы техникамен жеке құрамның 26 мүшесі атсалысқан.
