» » Маска тағыңыз!

Маска тағыңыз!



Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы. Маска тағыңыз үгіт-насихат шарасын өткізді.
Мұндағы мақсат – көпшілік орында, көшеде бетперде таратып, халықты карантин тәртібін қатаң сақтауға шақыру. Өзіне және айналасындарға жанашыр болуды тағы бір мәрте еске салу және індеттің ары қарай өршіп кетуіне жол бермеу. Осы орайда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен қала мен барлық аудандарда акция жалғасын тапты.
   Шарада облыстық ҚХА жанынан құрылған волонтерлер орталығының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ Шиелі, Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш,  Жаңақорған, Байқоңыр аудандары бойынша этносаралық қарым-қатынастар жөніндегі сарапшылар және аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған волонтер жастар белсенділік танытты.
Бұл күні ерікті жастар орталық алаңда, аллеяларда, теміржол вокзалында,  халық көп шоғырланатын жерлерге «Масқа Тағыңыз», «Денсаулығыңызды сақтаңыз» атты жазбалар қалдырды. Маска тағу, жеке гигиенаны қатаң сақтау адам саулығына маңызды екендігін көрсетті.
30 шілде 2020 ж. 335 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031