Құрбан айт


Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет каран­тинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы оқылған жоқ. Ал соңғы екі апталық шектеу ша­раларын ұзарт­қаннан кейін Құрбан айт намазы да оқылмайтын бол­ды. Себебі барлық мешіт қайтадан жабылды.
Құрбандық шалу шарттары да өзгеріп отыр. Мүф­тият­тың бастамасымен Qurban2020.kz сайты іске қосылды.

ОНЛАЙН-ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ
Шыны керек, бұған дейін құрбандық шалуға шектеу қойы­лады деп ешкім ойламаған. Бірақ коронавирус бұрынғы салт-сананы түбегейлі өзгертті. Осы жолы да құрбандық қашықтан шалынады дегенде онлайн-құрбандықтың не екенін түсінбегендер көп болды. 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға­сы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, қашықтан құрбандық шалу тәжі­рибесі Түркия, Малайзия, Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірқатар мұсылман мемле­кет­терінде бұрыннан бері бар және жыл сайын жа­са­лады. Қазіргі карантин жағдайында осындай жаң­ашылдықты елімізде қолға алу туралы шешім қа­былданды. Бірақ онлайн-құрбандықтың барлық еті мұқ­таж адамдарға таратылады.
ОНЛАЙН-ТАПСЫРЫС БЕРУ
Qurban2020.kz сайтына кіргеннен кейін бірнеше батырма болады. Тапсырыс жасайтындар “Құрбандық малын шалу үшін тапсырыс беру” деген батырманы басады. Одан кейін бірнеше мәлімет енгізу керек. Олар:
өңірді таңдау;
аты-жөнін және телефон нөмірін жазу;
құрбандық малын таңдау;
құрбандық есебін белгілеу/белгілемеу (телефонда WhatsApp мессенджері болу керек)
төлем жасау.
Бас мүфтидің айтуынша, онлайн тапсырыстар 30 шіл­деге дейін қабылданады.
ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІН ТАРАТУ
Құрбандық етін алу үшін де Qurban2020.kz сайтын­да өтініш қалдыру қажет. Ол үшін алдымен “Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру” батырмасын басып, жеке мәліметтерді енгізу керек. Олар:
өңірді таңдау;
ЖСН, аты-жөнін және телефон нөмірін енгізу;
мекенжайды көрсету;
әлеуметтік мәртебені жазу;
құжаттардың көшірмесін тіркеп жіберу.
“Ауқатты және мұқтаж емес адамдар өтініш бе­ре алмайды. Шын мәнінде қиын жағдайда қалған мұқ­таж жандарды ойлап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Жәрдемге мұқтаж жандар құрбандыққа шалынатын малдың санына қарай көмек алады”, - делінген сайттың ескертуінде. 
Айта кеткен жөн, еріктілер құрбандық етін мұқтаж адамдардың үйіне дейін жеткізіп береді. Барлық санитарлық шаралар сақталуы шарт. 
Ерхан АҚЫН
03 тамыз 2020 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930