» » Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 212 мың теңгеден асты

Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 212 мың теңгеден асты


2020 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың айлық жалақысы 13,7 пайызға артып, 212 мың теңгені құрады.
2020 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың айлық жалақысы 13,7 пайызға артып, 212 мың теңгені құрады, деп жазады Ranking.kz. Ал өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 186,5 мың теңгені құраған.
Орташа айлық жалақының ең көбін Атырау мен Маңғыстауда жұмыс істейтіндер – 386,4 және 317,7 мың теңгеден алады. Ал елордада бұл көрсеткіш 282,5 мың теңгені құраса, Алматыда 238,7 мың теңгеге жеткен.
Ал, орташа айлық жалақының ең төменгі көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысында – 159,3 мың теңге. Сонымен қатар, Жамбыл облысы (162 мың теңге) мен Шымкент қаласы да (164,2 мың теңге) көш соңында.
"Айқын" ақпарат
03 тамыз 2020 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031