Онлайнда орынды ұсыныстар айтылды
«Шұғыла», «Ақмешіт», «Титов», «Тасбөгет», «Универсам» аула клубында онлайн «ZOOM» желісі арқылы кездесу өтті. Кездесуде баяндамашы «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әлімбайұлы болды. Аула клуб тұтынушылардың жан айхайын тыңдап, сұрақтарына нақты жауап берді. Мүгедектігі бар Сейдахметова Дүйсенкүл пандемияға байланысты 3 топ мүгедегіне жұмыспен қамту орталығы арқылы офистік жұмыстар қажеттігі туралы сұрақ қойды. Шонабаева Арайлым "Карантин кезіндегі санатория жұмысы" туралы және "3 топ мүгедектігі бар жан неге тұрғын үй кезегіне арыз бере алмайды" деп Садықов Бірлік сұрақ қойды. Аула клуб мүшелері сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Бұл шара мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану, өзін-өзі тану құрылымын және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруыменекі күн өтті.
"АЖ" ақпарат