» » Сиыр ұрлаған тұрғын құрықталды

Сиыр ұрлаған тұрғын құрықталды

 
30 шілде мен 5 тамыз аралығында Қызылордада «Мал ұрысы» жедел профилактикалық шарасы өтуде.

Шара барысында қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығына күдікті 50 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Күдікті азамат жайылымдық өрістен бір бас сиыр ұрлап, мал иесіне 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Мал иесіне шығын сомасын толық қайтарды.
 Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
05 тамыз 2020 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031