» » ИТБАЛЫҚ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНДІ

ИТБАЛЫҚ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНДІ

     
Әлемдік ақпараттарға сүйенсек, дүние жүзінде итбалықтың 22 түрі бар. Оның 18 түрі Солтүстік мұзды мұхит пен Антарктида жағалауында тіршілік етеді. Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» итбалықтардың 4 түрі енгізіліп, қорғауға алынған. Жақында елімізде Каспий итбалығын Қызыл кітапқа енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл теңіз жануарының саны жыл өткен сайын азайып бара жатқанын көрсетеді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің осы шешімі бойынша енді итбалықтар мемлекеттік деңгейде қорғалады. Зоологиялық комиссияның келтірген мәліметіне сүйенсек, өткен ғасырдың басында Каспий жағалауында 1 миллиондай итбалық тіршілік еткен. Алайда қазір олардың саны жүз мыңға жетер-жетпес шамада.
"Каспий итбалығы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбегіне енгізу ұсынысы толық қолдау тапты. Бұл итбалықтарды қорғауға ықпал етуге және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аймақ құруға маңызды бастама болары сөзсіз", – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Аян Мейраш. Айта кетейік, мамандар жыл сайын жағалауда мыңдап кемитін теңіз жануарының өліміне табиғи фактор немесе қандай да бір індет, теңіздің ластануы әсер етеді деген пікір білдіріп келді. Ендігі жерде саны азайған теңіз мекендеушілерінің популяциясын осылай ғана сақтап қалудың мүмкіндігі қарастырылуда.
07 тамыз 2020 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031