» » Байқоңырдың даму бағыты баяндалды

Байқоңырдың даму бағыты баяндалды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатовты қабылдады.
Қабылдау барысында Ж.Абатов Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында 77 299 адам тіркелген, оның ішінде 49 541-і Қазақстан Республикасының азаматтары.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасына» сәйкес Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай елді мекендерінде электр желілерін реконструкциялау, көшелерді жөндеу және жарықтандыру, білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Жаңадан 610 жұмыс орны ашылып, оның 306-сы Байқоңыр қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы тартылған.
Бүгінгі таңда Байқоңыр қаласында 12 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның 5-і ҚР білім беру стандарты 7-і РФ білім беру стандарты бойынша. Оқушылардың жалпы саны – 9 337. Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қарамағындағы және РФ білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейтін мектептерде 3 944 оқушы оқиды, оның ішінде 1 439-ы (36,5%) – ҚР азаматтары. Қазақстандық білім беру стандарттары бойынша мектептерде 5 393 оқушы білім алуда.
Қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты «Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында 120 төсек-орынға арналған провизорлық стационар ашылып, 10 өкпені жасанды желдету аппаратымен (ӨЖЖ), 34 оттекті концентраторлармен, қажетті дәрілік заттармен жабдықталған.
Ақай ауылдық округі, Төретам кенті, Байқоңыр қаласының 488 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына 4,4 млн теңге көлемінде азық-түлік себеттерін тарату ұйымдастырылды, сондай-ақ «Біргеміз» республикалық қорынан Байқоңыр қаласының 704 тұрғынына 35,2 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың шығыстарын өтеу Қағидаларына сәйкес Байқоңыр қаласында call-орталық ашылып, коммуналдық қызметтерді өтеуге құқығы бар 2083 тұрғынның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелері тізімі жасақталып, сәуір, мамыр айларына 62,2 млн теңге төленген.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр қаласының 2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жол картасы» әзірленіп, оны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Р.В. Скляр бекітті.
«Жол картасы» әлеуметтік-экономикалық дамуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға, Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтарының тұрғын үйді жекешелендіру мәселесін шешуге, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қарамағындағы мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін зерделеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын қайта жаңартуға және жаңа тұрғын үй салуға бағытталған жобалар мен бағдарламалардан қамтылған тоғыз түрлі іс-шарадан тұрады.
«Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын» іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ «Байқоңыр» кешені жөніндегі кезекті үкіметаралық комиссияның күн тәртібіне енгізу үшін мәселелер пысықталуда.
Облыс әкімі нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, коронавирус, төсек-орындарды көбейту, дәрі дәрімек қоры, ИВЛ аппараты, емдеу мекемелерінің жұмысы, «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның кезекті сұрақтарын нақтылауды және жұмысқа ұсыныстарды пысықтау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер уақытылы және мерзімінде төленуін, жалпыэкономикалық әлеуметтік жағдайды бақылауға алу керектігін ескертті.
09 тамыз 2020 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031