» » Қызылорда облысында құрылыс нысандарының сапасына бақылау күшейді

Қызылорда облысында құрылыс нысандарының сапасына бақылау күшейді


Аймақта жыл басынан бері құрылыс сапасына қатысты 23 әкімшілік іс қозғалып, кемшіліктер қалпына келтірілді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков мәлімдеді.
«Өңірдегі құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 34 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылды, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 10 нұсқама берілді. Бұған қоса, профилактикалық сипатта тексерілетін барлығы 64 кәсіпкерлік субъектісі жоспарға енгізілді. Оның 37-і тексеріліп, анықталған бұзушылықтар бойынша 31 нұсқама берілді. Сондай-ақ, басқарма тарапынан көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» электронды порталына көшіріліп, тұрғындарға 502 қызмет көрсетілуде. Оның 237-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 265-і лицензиялауға қатысты», – деді Марат Салқадинұлы.

08 тамыз 2020 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30