» » №1 ХҚО БӨЛІМІНДЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

№1 ХҚО БӨЛІМІНДЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 бөлімі карантин кезеңінде азаматтарды дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін қабылдауда.

Осынау елімізде болып жатқан қиын кезеңіне қарамастан бөлім алдын-ала кезек уақытын брондау арқылы күніне 300-ге жуық тұрғындарды қабылдап, қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, №1 ХҚО бөлімі жыл басынан бері 65 мыңнан астам өтінішті қабылдап, қызмет көрсеткен. Аталмыш орталық арқылы тұрғындар әлеуметтік қызметтер мен жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтерге көптеп жүгінген.

Бүгін бөлім қызметкерлері келген қызмет алушылардың арасында туған күн иелері мен зейнетке шыққан азаматтар мен қарттарға тәтті мен түрлі-түсті шарлар табыс етті.

Осылайша, мамандар қазіргі еліміздегі болып жатқан қиын кезеңде қызмет алушыларды қолдап, көңілдерін көтеріп, құрмет көрсетті.




«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
Тел: 87473090919
15 тамыз 2020 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031