» » Праймериз: Қызылорда облысында әзірге 16 үміткер тіркелді

Праймериз: Қызылорда облысында әзірге 16 үміткер тіркелді

Кеше өңірдің қала және барлық аудандарында ішкіпартиялық іріктеуге үміткерлерді тіркеу жұмыстары бастау алды. Праймеризге қатысуға ниет білдіріп, құжат тапсырушылар партия филиалдарында орналасқан аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне келіп тіркелуде.
Алғашқы болып тіркелген үміткерлер Шиелі ауданының тұрғыны Өтебаев Біржан Бақтыбайұлы мен Қазалы ауданының тұрғыны Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы.
Аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсуге ниеттеніп отырған үміткерлеріміздің бірі праймеризде жеңіске жеткен жағдайда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіруге күш салатындығын айтса, екіншісі жастар саясатын дамытуға үлес қоспақ.
Әзірге облыс бойынша 16 үміткер тіркеліп отыр. Олардың 3-і әйел азаматтар. 5-уі 35 жасқа дейінгі жастар. Барлығы өзін-өзі ұсынушылар. Тіркеу жұмыстары жалғасып жатыр.
18 тамыз 2020 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031