Әбубәкір – мәслихат депутаты
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыруда жастардың пікірі мен сөз еркіндігін ескеру мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығы мен Nur Otan партиясы Қазалы аудандық филиалының бастамасымен жастар мәслихатын құру қолға алынды.
Мақсат – жастар мәслихатын құру арқылы жастар арасындағы өзекті мәселе мен олардың ұсынысын талқылап, оның шешу механизмін табу, депутаттық сауал арқылы жастардың мәселесін тиісті мекемелерге жеткізу. Сайланған жастардың арасынан шыққан үздіктерді болашақ кадр ретінде тәрбиелеу.
Жастар мәслихаты депутаттығына кандидаттыққа Әйтеке би кенті бойынша 10 үміткер қатысты. Сайлауға жалпы 997 жас қатысып, нәтижесінде 424 дауыс басымдықпен Әбубәкір Бекболаев жеңіске жетті.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА,
ҚМУ-дың ІV курс студенті
ҚМУ-дың ІV курс студенті