» » «Қазір балалар мен жастарды улап жатыр»: Желіде уланған суды ішпеуді сұраған аудиожазба тарады

«Қазір балалар мен жастарды улап жатыр»: Желіде уланған суды ішпеуді сұраған аудиожазба тарады

 
Аудиожазбада белгісіз әйел вирусологпен сөйлесіп, ол айтқан құпия мәліметті бөлісіп жатқанын айтады. "Мессенджерлерде белгісіз бір әйелдің уланған суды ішпеуді сұрағаны жазылған аудиохабарлама тарап жатыр.
Аудиожазбада белгісіз әйел вирусологпен сөйлесіп, ол айтқан құпия мәліметті бөлісіп жатқанын айтады. «Қымбатты туыстарым, сізге бір жаңалық айтқым келеді. Мен вирусологпен сөйлестім. Оның айтуынша, жарты жыл бойы су ішуге болмайды, диспансерлік су болсын, ішуге болмайды! Тек қайнаған су ішіңіздер. Су арқылы олар бәрін және барлығын улайды. Қазір балалар мен жастарды улап жатыр. Тіпті балалар үшін ауруханада бөлмелер дайындап жатыр. Балаларыңызды қорғаңыздар. Үйден шықпасын. Дүйсенбіден бастап бәрін улап жатыр. Маскасыз жүрмеңіздер», – деп келтіреді хабарламада вирусологтың сөздерін. Денсаулық сақтау министрлігі болса бұл мәліметті жоққа шығарды. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті WhatsApp мессенджеріндегі улайтын су туралы аудиохабарлама бойынша бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», – деді министрліктегілер.
"Айқын" ақпарат
19 тамыз 2020 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031