» » ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 1500-ГЕ ЖУЫҚ ШАРА ӨТТІ

ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 1500-ГЕ ЖУЫҚ ШАРА ӨТТІ

 
Үстіміздегі жылы жастардың негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтауға бағытталған Сыр жастары мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту жоспарлануда. Қазіргі таңда жастар ұйымдары және қоғам белсенділерімен қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылып ұсыныс пікірлер тыңдалды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдардың сала мамандарынан құралған жұмыс тобы жасақталып, жоспардың нақты индикаторлары мен кешенді шаралары бекітілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.
-Биыл облыста әр түрлі бағытта 1 424 шара жүзеге асырылып, оған 115 мыңға жуық жас қамтылды. Оның 133-і әлеуметтік жобалар аясында өткізілсе, қалғаны жастар орталықтары мен жастардың қатысуымен өткізілді. Бағыттары: волонтерлық, қайырымдылық, патриоттық тәрбиесі, құқықбұзушылықтың алдын алу, кездесу, кеңес беру, діни экстремизм, суицид алдын алу, мерейтой – 8, онлайн(шара, байқау, марафон, сабақ, акция, кездесу, жаңалықтар, эссе, челлендж, кеңес беру), акция (тазалық), түсіндірме жұмыстары, тимбилдинг, вебинар, семинар-тренинг, спорт, жұмыспен қамту, мақсатты топ жұмысы, әртүрлі бағыттағы шығармашылық, видео, отбасылық шара, колл центр т.б.,-деді Қуаныш Қуантқанұлы

21 тамыз 2020 ж. 381 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031